Н.Назарбаев: АХҚО Еуразияның қаржы қақпасына айналу үшін құрылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: АХҚО Еуразияның қаржы қақпасына айналу үшін құрылған

27.05.2016
Н.Назарбаев: АХҚО Еуразияның қаржы қақпасына айналу үшін құрылған

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Еуразияның  қаржы қақпасына айналу үшін құрылған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Болашаққа көз жүгірте отырып, біз АХҚО-ның  қаржылық құралдар саласына инвестицияларды, капиталдарды, инновацияларды тартуын көргіміз келеді. Ол барша Еуразия үшін қаржылық қақпаға айналу үшін құрылған», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы сөзінде Астананың іскерлік, мәдени және ғылыми орталық ретінде дамитындығын, заманауи халықаралық көлік-логистикалық жүйеге ие болатындығын баса айтты.

«Біз Токио, Лондон, Нью-Йорк сынды ондай орталықтарды білеміз. Біз бұл ретте қолымызды кеш сермеп қалмайтын шығармыз. Бастапқыда бізге мұндай орталығы жоқ өзіміздің өңірді мойындатуымыз және одан кейін біртіндеп барлық ірі өңірлерге өзіміздің мүмкіншілігімізді паш етуге тиіспіз. Қаржы орталығына халықаралық қатысушыларды тарту үшін біз посткеңестік кеңістікте 100 пайыз баламасы жоқ бірегей мүмкіншіліктер ұсынудамыз», - деді Н.Назарбаев.

Хабарламаларға жазылу