ЕАЭО арасындағы тауар айнылымы артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО арасындағы тауар айнылымы артты

14.08.2017

Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы артып келеді. Бұл туралы бүгін одаққа мүше елдердің үкімет басшыларының басқосуында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Үкімет жетекшісінің айтуынша, үшінші елдермен де сауда-саттық көрсеткішінде оң нәтиже бар. Әсіресе, экспортта өңделген тауарлардың үлесі жоғары. Одақтың жоғарғы кеңесі былтырдан бастап бірқатар елмен еркін сауда аймағын құру туралы шешім қабылдаған еді. Бүгінгі күні Иран Ислам Республикасы бойынша келіссөздер өтіп, оны әрі қарай ілгерілету жұмыстары атқарылып жатыр.

Хабарламаларға жазылу