«Балапан» телеарнасы балаларды қорғау күніне орай «Кел, ойнайық!» мерекелік бағдарламасын әзірлеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы балаларды қорғау күніне орай «Кел, ойнайық!» мерекелік бағдарламасын әзірлеуде

27.05.2016
«Балапан» телеарнасы балаларды қорғау күніне орай «Кел, ойнайық!»  мерекелік бағдарламасын әзірлеуде

Бүлдіршіндерге арналған ойын-сауық шарасы бес бөлімнен тұрады. Шарт бойынша балалар түрлі кедергілерден өтіп, мәреге бірінші болып жетуі керек.
 
Одан бөлек асфальтқа сурет салып, өз қалауларынша орталық саябақта қыдыруға болады. Сайысқа 6-10 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Бұл мерекелік бағдарлама 1-ші маусымда «Балапан» телеарнасынан көрсетіледі.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу