Атақты боксшы Рой Джонс Қарағандыға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атақты боксшы Рой Джонс Қарағандыға келеді

07.12.2014
Атақты боксшы Рой Джонс Қарағандыға келеді

Бокстан әлемнің абсолютті чемпионы Рой Джонс-кіші желтоқсан айында Қарағандыға келеді, деп жазады Vesti.kz.

Америкалық боксшы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповтың еске алуға арналған XXXI халықаралық турнирдің құрметті қонағы болмақ.

Рой Джонс Қазақстанға Жарылғапов отбасыларының арнайы шақыруымен келмек. Әлем боксында ойып тұрып орын алатын тұлғаның қатысуы жарысқа деген қызығушылықты арттыра түспек.

Жарыс 17-21 желтоқсан аралығында келеді. Қазақстанның барлық өңірінен, сонымен қатар Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ресейден 150-ден астам боксшы сынға түседі.

Әзірге Армения боксшылары турнирге қатысатынын растамған. Ал, Куба боксшылары ел біріншілігін өткізу мерзімі өзгергеннен кейін турнирге қатыса алмайды.

Фото: metronews.ru

Хабарламаларға жазылу