Қазақстан тарихы мен Елбасы жайлы жазылған кітаптардың қатары толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан тарихы мен Елбасы жайлы жазылған кітаптардың қатары толықты

13.12.2017

Ұлттық академиялық кітапханада институт ғалымдары жазған еңбектердің тұсаукесері өтті. Атап айтқанда, «Нұрсұлтан Назарбаев және қазақстандықтарда тарихи сананың қалыптасуы» атты еңбекті Николай Лапин жазып шыққан. Монографияда Елбасының саяси дискурсында көрініс тапқан бейнелер жазылған. Ал, «Бұлыңғыр уақыт» атты кітапты жарыққа шығарғандар - Бүркіт Аяған, Еркеш Нұрпейісов сынды тарихшылар. Ғылыми-танымдық басылым жанрында жазылған еңбекте мемлекеттілікті қалпына келтіруге бағытталған тарихи деректер келтірілген. 

Еркеш Нұрпейісов, «Бұлыңғыр заман» кітабының авторы:

- Бұл кітап қарапайым тілмен жазылған. Қалың көпшілік оқырманға арналған. Сосын бір жақсы жері – бұрын жарық көрмеген талай тарихи деректер бар. Мұнда Бүркітбай ағаның еңбегі мол. Гарвард университетінің архиві бар Америкада. Сонда біраз мәліметтер бар екен. Соның бәрін тауып алып келіп, осында жарық көріп отыр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу