Ләззат Күнгейбаева Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Ауыр салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының боксшысы Ләззат Күнгейбаева Астанада өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Әлемнің вице-чемпионы бүгін Үндістан боксшысы Сима Пуниамен жұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңісінен кейін Күнгейбаева алдын ала Әлем чемпионатының жүлдесіне ілігіп отыр.
Бұның алдында Әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан боксшыларының сапынан Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі) мен Валентина Хальзова (69 келі) шыққан болатын. Өкінішке орай, 64 келіде өнер көрсететін Зарина Цолоева жеңіліс тапты.
Еске сала кетейік, бұл күндері Астанада әйелдер арасында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Олимпиада жолдамалары ойнатылуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24
Инвестициялық форум бір минут үнсіздікпен басталды
25.09.2026, 13:21
Шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері көңіл айтуда
25.09.2026, 13:18
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 12 сараптама тағайындалды
25.09.2026, 13:15
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
Ауруханадағы сарбаздың жағдайы жақсы
25.09.2026, 13:09