Қытайда 1000 адам бір уақытта күй шертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 1000 адам бір уақытта күй шертті

23.05.2016
Қытайда 1000 адам бір уақытта күй шертті

Кеше Қытайдың ШҰАӨ Тарбағатай аймағы Толы ауданында III «Тарбағатай тау гүлі шешек атты» домбыра мәдениеті мерекесі басталды. Мәдени шара аясында мың адам бір уақытта домбыра шертті.

Мамыр айында Толы ауданында тау гүлі шешек атып, бөктерлер мен қыраттарды гүл көмкереді. Осыған орай бұл өңірде жыл сайын мәдени шаралар өтіп тұрады. Биыл да ұйымдастырылған мерекелік шара аясында 1000 адам күй шертіп, көрермен ықыласына бөленді.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу