Түркістандық Шыңғыс Исаев бүгін «Қанағат» күйін шертті

02.09.2018

Түркістан облысынан келген Шыңғыс Исаевтың мақсаты – қасиетті қара домбыраға адал болып, күй жампоздарының ұлы шығармаларын халыққа бояуын бұзбай жеткізу. Бүгінгі додада ол «Қанағат» күйін шертті.

Қазылар алқасының мүшесі, қобызшы Әлқуат Қазақбаев күйшіге «Шертісі баппен, асықпай, күйді жеткізіп, оймен, артық дыбыссыз, әдемі көркемдік ерекшеліктермен орындап шықты»,-деген бағасын берді.

Хабарламаларға жазылу