Канадалық жұп үйлену тойында мыңдаған мысықты қонақ етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадалық жұп үйлену тойында мыңдаған мысықты қонақ етті

21.05.2016
Канадалық жұп үйлену тойында мыңдаған мысықты қонақ етті

Канадада жануарларды жақсы көретін жұп үйлену тойында мыңдаған мысықты қонақ етті. Бұл туралы 20 мамырда хабарланды, деп жазады The Daily Telegraph.

Доминик Юссон (Dominic Husson) мен Лузи Веронно (Lousie Veronneau) Калифорнияға Квебектен мысықтар асырайтын The Cat House  үйіне арнайы келген.  Қос ғашық тіпті жануарлар үйінің негізін қалаушы  Линея Латтанционы (Lynea Lattanzio) оның  діни рәсімді жүргізу құрметіне ие болуына көндірді.

«Екеуміз де жануарларды қатты жақсы көреміз, сондықтан шешімді қабылдау да оңай болды», - деген Юссонның сөзін келтірді АВС30. Веронно, өз кезегінде, Латтанцио мен оның командасының қызметін ерекше бағалайтынына тоқталып өтті.

Той 17 мамырда өтті. Жас жұбайлар туыстары мен жақындарынан сыйлықтың орнына жануарлар үйіне қайырымдылық жасауын өтінді.

The Cat House  үйінде мысықтар торға қамалмаған, олардың еркін серуендеп жүруіне мүмкіндік берілген.

Хабарламаларға жазылу