Отшашу туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отшашу туралы қызықты деректер

17.01.2016
Отшашу туралы қызықты деректер

Ал, Еуропада алғаш рет 1486 жылы король Генрих VII-нің үйлену тойында қолданылған. Тіпті, король әулиеті әдемі отшашу ұйымдастырғандарға рыцарь атағын берген.

Ресей патшайымы Анна Иоанновнаның мерейтойына орай ұйымдастырылған «Отты думан» кешіне 70 күн көлемінде дайындық жүргізген. Және оны ұйымдастыруға 2000 шебер атсалысқан.

Әлемдегі ең үлкен отшашу 1988 жылы шығарылған. Оның салмағы – 500 келі.

Ұлыбританияда қоғамдық орындарда отшашуды рұқсатсыз қолданғандар 5000 фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлейді.

1997 жылы англиялық Терри Макдональд Джерси аралында өткен отшашулар фестивалінде 15 секундта 39,200 отшашуды атып, рекорд орнатқан.

Пасха мерекесі кезінде Грекияның Вронтадос қаласындағы екі шіркеу отшашудан байқау ұйымдастырады. Байқау шарты бойынша, шіркеу қоңырауына дәл тигізгендер жеңімпаз атанады. 

Хабарламаларға жазылу