«Жас Қанат-2016»: Еліміздің ең басты эстрада байқауына билет ұтып алыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас Қанат-2016»: Еліміздің ең басты эстрада байқауына билет ұтып алыңыз

18.05.2016
«Жас Қанат-2016»: Еліміздің ең басты эстрада байқауына билет ұтып алыңыз

Айта кетейік, даңқты «Жас қанат -2016» байқауында талантты, дарынды және жігерлі жастар үздік атану үшін өзара бәсекеге түседі. Ал, оларға «Жас Қанат» байқауының мақтаныштары Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев,  Нұрлан Абдулин, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова,  Маржан Арапбаева, «Меломен» тобы, Димаш Құдайберген және басқалар қолдау көрсетеді.

Аталмыш байқау аясында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы арнайы байқау ұйымдастырады. Музыка саласында қойылған сауалдарға дұрыс жауап берген азаматтар аталмыш байқауға билет ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Ойнатылатын билеттер саны – 18.

Ендеше байқауға қатысып, тегін билет ұтып алыңыз!.

«Жас қанат» Астанада алғаш рет қай жылы өткізілді?

Алғаш рет ұйымдастырылған «Жас қанаттың» бірінші сыйлығына кім ие болды?

Жауаптарыңызды төмендегі электронды поштаға жолдаңыздар. Сәттілік тілейміз!

E-mail: info@kaztrk.kz

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу