Олжас Сүлейменов 1960 жылдар әдебиетінің алдыңғы қатарындағы көрнекті ақыны. 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің геологиялық барлау факультетіне оқуға түскен ол инженер-геолог мамандығын алады.
1955 жылдан бастап шығармашылықпен айналысты. Оның арғы атасы Олжабай батыр болған. Сол бабасының құрметіне ата-анасы есімін Олжас деп қояды.
«Бала кезінде ойнап жүріп, жығылып қалады. Сонда анасы келіп: «Балам, құлап қалма, абай бол», деген ғой. Бала Олжас оны өзінше түсініп, «Апа, Абай боламын!»,-деген екен. Сонда Абай боламын деп тұр ғой. Құдай аузына салды ма, әрине, Абай басқа, Олжас басқа ғой. Бірақ, Олжас әлемдік тұлғаға айналды»,-дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков.
Олжас Сүлейменов шығармаларын орыс тілінде жазады. Бірақ, оның өлеңдерінде қазақы болмысы мен ой түйсігі анық көрініп тұрады. Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.