Мектеп бітіруге арналған салтанатты шара Бәйтеректің қасында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп бітіруге арналған салтанатты шара Бәйтеректің қасында өтеді

16.05.2016
Мектеп  бітіруге  арналған  салтанатты шара Бәйтеректің қасында өтеді
Мектеп  бітіруге  арналған  салтанатты шара Бәйтеректің қасында өтеді

2016 жылғы 25 мамыр күні сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументі алаңында «Біз – ел болашағымыз» тақырыбында мерекелік концерт және «Соңғы қоңырауға» орай мектеп түлектерінің би кеші өтеді. Ауқымды шараға елордалық мектептерден қанат қағатын 4593 түлек қатысады.

Астана қаласының үздік өнер ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашады. Олардың қатарында «VIVA» шоу-балеті, «Kazakh Percussion Group» барабаншылар тобы, «Z» триосы бар. Сонымен қатар бас қаланың үздік брэйкданс ұжымдары және М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары өз шеберліктерін паш етеді.

Шара барысында түрлі байқаулар мен сайыстар да назардан сырт қалмайды. Білімді және креативті мектеп түлектері үшін интерактивті байқаулар ұйымдастырылып, шарларды ұшыру, әннен попури және тағы басқа шаралар өткізіледі.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу