ЕСКЕРТУ: 16 - 20 мамырда Қазақстанның 4 облысында күн суытады деп күтілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕСКЕРТУ: 16 - 20 мамырда Қазақстанның 4 облысында күн суытады деп күтілуде

16.05.2016
ЕСКЕРТУ: 16 - 20 мамырда Қазақстанның 4 облысында күн суытады деп күтілуде

16 - 18 мамырда Ақмола облысында жаңбыр жауады, 16 мамырда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел жылдамдығы  15-20 м/с жетеді, ауа температурасы күрт 7-12 градусқа төмендейді, кей жерлерде 15 градус жылы болады. Түнде 1-6 градус аяз болуы мүмкін.

17 - 18 мамырда Павлодар облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы 10-15 дейін төмендеп, кей жерлерде 18 градус жылы болады деп күтілуде. 16 мамырда түнде кей жерлерде  3 градус суық болады, жауын-шашын жауады. Кей жерлерде 1-6 градус аяз болады.

17 - 19 мамырда Қарағанды облысында жауын жауады, жел жылдамдығы  15-20 м/с, ауа температурасы күрт 12-17 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 22 градус жылы болады. 16 мамырда түнде кей жерлерде сынап бағанасы 3 градусты көрсетеді, кей жерлерде 1-6 градус болады.

18 - 20 мамырда ШҚО-да жел  15-20 м/с күшейіп, ауа температурасы күрт 12-17 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 8 градус жылы болады. 17 мамырда түнде кей жерлерде  3 градус суық болады, облыстың басым аумағында 1-6 градус болады.

Сонымен қатар, алдағы тәулікте 16 мамырда ОҚо, Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-жашынның көп түсуі болжанғандықтан, су тасқыны болады деп күтілуде.  

 

 

Хабарламаларға жазылу