Бірқатар өңірлерде ауа температурасы күрт төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар өңірлерде ауа температурасы күрт төмендейді

04.01.2014
Бірқатар өңірлерде ауа температурасы күрт төмендейді
«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты ескерту жариялады.
 
4-5 қаңтар күндері Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, 4-6 қаңтар күндері Қарағанды, 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді, түнде 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін, күндіз 23-28, кейбір аймақтарда 31 градусқа дейін суытады.
 
4-6 қаңтар күндері Қызылорда облысында түнде 20-25, кей жерлерде 30, күндіз 15-20, кейбір жерлерде 23 градус аяз болады.
 
5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде 15-20, кейбір аймақтарда 25, күндіз 10-15, бірқатар жерлерде 18 градусқа дейін температура төмендеуі күтілуде.
 
Астана қаласында 4-5 қаңтар күндері түнде ауа температурасы -31-33оС, күндіз -26-28оС-қа дейін күрт төмендейді.

Хабарламаларға жазылу