Еліміздің төрт облысында күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің төрт облысында күн суытады

10.05.2015
Еліміздің төрт облысында күн суытады

Бүгін Астанада және Ақмола облысында жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерде оның екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

10 мамырда Астана қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с дейін жетеді.

11-12 мамырда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, ал 12-13 мамырда Павлодар облысында 3 градусқа дейін күн суытады.

Хабарламаларға жазылу