«Әурелең» комедиясын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әурелең» комедиясын көріңіз

28.08.2015
«Әурелең» комедиясын көріңіз

Фильмнің бас кейіпкері – ауылдың бұрынғы әкімі досына «Гиннестің рекордтар кітабына» кіру үшін бір қойдың етін бір өзің же», деп ұсыныс жасайды. Ондағы мақсат – ауылдың атын шығару еді.  

Фильмде өрісте малы боздап, қорада қойы қоздап, қазанда асы, дастарханда басы қосылған, қаймағы бұзылмаған қазақ ауылы суреттеледі.

Режиссер Сәбит Құрманбековтың «Әурелең» комедиясында басты кейіпкерлерді Нұржұман Ықтымбаев, Лидия Қаден, Тамара Қосубаева, Ғазиза Әбдінабиева, Есболған Өтеулінов, Назгүл Қарабалина сомдайды.

Бәйтерек ауылы тұрғындарының қызықты оқиғасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 00:35-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу