Елімізде National Geographic үлгісі бойынша деректі фильм түсіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде National Geographic үлгісі бойынша деректі фильм түсіріледі

17.09.2014
Елімізде National Geographic үлгісі бойынша деректі фильм түсіріледі

«Қазақфильм» National Geographic үлгісі бойынша Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіреді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Бөрібаев айтты.

«Біз «Қазақфильмге» National Geographic-тің үлгісіне сүйене отырып, Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіруді тапсырдық. Басты мақсат – туған өңір тарихын тану. Өйткені, біздің тарихымыз бен салт-дәстүріміз өте бай. Бізде тау да, өзен де, теңіз де бар. Жуық арада осылардың барлығын теледидардан тамашалау мүмкіндігіне ие боламыз», - деді Асқар Бөрібаев.

Хабарламаларға жазылу