В. Путин Н. Назарбаевқа Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының ерлігі жайлы жазылған газеттерді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В. Путин Н. Назарбаевқа Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының ерлігі жайлы жазылған газеттерді тапсырды

09.05.2016
В. Путин Н. Назарбаевқа Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының ерлігі жайлы жазылған газеттерді тапсырды

Ресей Президенті Владимир Путин 9 мамыр қарсаңында Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа  Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының ерліктері туралы жазылған газеттерді тапсырғандығы туралы айтты.

«Кеше кешке мен сол кезеңдегі  қазақ халқының Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі ерліктері жайлы айтылған газеттерді  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырдым.

Сіздің біздің арамызда қонағымыз болып отырғаңызға үлкен рахмет   айтқымыз келеді», -деді Путин Жеңіс күніне арналған салтанатты қабылдауда, деп хабарлайды РИА Новости.

Путин 1941 жылы жауға қарсы көпұлтты Кеңес одағының халқы тұтастай қарсы тұрғанын еске салды.

«Жеңіс - бұл  біздің мызғымас бірлігімізді сынамақ болғысы келетіндерге үлкен ескерту. Біз халық тұтас көтерілген жағдайда мұның отан соғысына айналатындығын білеміз. Ерлікке толы және қасіретті 1941 жылы тап  солай болды.

Жаумен шайқасқа көпұлтты Кеңес одағының халқы тұтастай көтерілді»,-деп атап өтті Владимир Путин.

Фото: Алексей Дружинин/ РИА Новости  

Хабарламаларға жазылу