Н.Назарбаев: Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған

18.05.2014
Н.Назарбаев: Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы барысында Ассамблея Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ зиялылары мен рухани жетекшілерді ұлы ұстаздардың ұлағатын ұмытпауға шақырды.
 
«Ислам діні әу баста Жаратушыдан біздің ата-бабамызға қалай түссе, бүгінгі Қазақстанға дейін солай жетуін тарихтың өзі қамтамасыз етті. Қасиетті қазақ жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған. Қазақ халқының рухани болмысы әрдайым гуманизммен, ішкі тұтастығымен ерекшеленген. Ата-бабалардан мирас болған осынау ұлы қасиеттен айыруға бүгінгі діннің еш қақысы жоқ. Сондықтан, мен барлық қазақ зиялыларын, рухани жетекшілерді барша қазақстандықтарды ұлы ұстаздардың ұлағатын ұмытпауға шақырамын», - деді Н. Назарбаев.
 
Сонымен қатар, Елбасы ұрпақты жат ықпалдан қорғауға, адасқандарды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіс екенімізді атап өтті.
 
Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан-2050 стратегиясы»: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен өтуде.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу