Сап түзеген жауынгері барда қазақтың күлкісі шат, ұйқысы тыныш (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сап түзеген жауынгері барда қазақтың күлкісі шат, ұйқысы тыныш (ВИДЕО)

09.05.2016
Сап түзеген жауынгері барда қазақтың күлкісі шат, ұйқысы тыныш (ВИДЕО)

Ұшса құстың қанаты, жүгірсе аңның аяғы талатын кең байтақ жеріміз бар. Бірлігі мен тірлігі жарасқан Тәуелсіз еліміз бар. Айбынды асқақтатар айбатты ұранымыз, сап түзеген Отан қорғаушыларымыз барда біздің күлкіміз шат, ұйқымыз тыныш. Елдікті, еркіндікті, бірлікті бұзбай тұра алғанда ғана, көк Туын қанға малмаған бақытты ұрпақ атанамыз. Осыны ұлықтау, һәм ұмытпау - ортақ борышымыз.

Бұл - «Дара жолдың» кейіпкері Бақытбек Смағұлдың ұстанымы.  

Хабарламаларға жазылу