«Қазақтан темір жолы» «Баланың шат күлкісі» атты байқау ұйымдастыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтан темір жолы» «Баланың шат күлкісі» атты байқау ұйымдастыруда

28.09.2015
 «Қазақтан темір жолы» «Баланың шат күлкісі» атты байқау ұйымдастыруда

Байқауға компания қызметкерлерінің 3 – 10 жас аралығындағы бүлдіршіндері қатысып, бақ сынаса алады.

Байқаудың шарты бойынша оған қатысушылар «Темір жол деген не?» деген сұраққа қазақ, орыс тілдерінде өз ойларын білдіреді. Жауапты бейнетаспаға (mp4 форматында) түсіріп,  www.goodrail.kzсайтына бүлдіршіннің фотосуретімен бірге жіберуі шарт. Бейнебаян хронометражы үш минуттан аспауы тиіс, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Қазан айының соңында аталған сайтта дауыс беру арқылы «Бала шаттығы»  байқауының жеңімпазы анықталады. Жеңімпазды арнайы сыйлықтар күтіп тұр.

ҚТЖ-да жыл сайын ұйымдастырылатын «Баланың шат күлкісі» байқауы компания қызметкерлері мен отбасы мүшелерін компанияның қоғамдық өміріне белсенді араласуға, корпоративтік мүддені көтеруге, темір жол саласының маңыздылығын насихаттауға бағытталған.

 

Хабарламаларға жазылу