Елбасы шешімін семейліктер де қолдайды. Шығыстағы қоғам қайраткерлерінің айтуынша, Жер кодексіндегі өзгерістердің күшіне енуін кейінге қалдыру заңды егжей-тегжейлі зерттеп, оның қажеттілігін халыққа кеңінен түсіндіруге мол мүмкіндік береді. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы президентінің орынбасары Орал Шәріпбай: «Ең бастысы, Елбасы халықтың жанайқайына құлақ асып, өте дана шешім қабылдады», - дейді.
« Осы жер мәселесіне қатысты мораторий қабылдағаны дер кезінде қабылданған шешім деп білем. Себебі, қоғам түсінгенімен, халықтың санасы жетпей жатыр. Халықтың санасына біз жеткізе алмай жатырмыз. Халық санасына Үкімет жеткізе алмай жатыр. Депутаттар жеткізе алмай жатыр. Сондықтан халықтың бұл жерде кінәсі жоқ. Осы мораторийдің уақытында қабылданғанын біз қуанышпен қарсы алып, әлі де осы жұмыстарды түсіндіруге, келешекте жер мәселесі жөніндегі мәселелер біздің экономикамызға қандай пайда әкелетіні жөнінде, оны қалай қорғау керек екендігін әлі түсіндіру қажет екендігін енді түсінетін кезіміз келген сияқты»,-деді Орал Шәріпбай.
24.kz