«Көкшетау жауһарлары». Кім үздік? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көкшетау жауһарлары». Кім үздік?

07.05.2016
«Көкшетау жауһарлары». Кім үздік?

«Қазақстан» РТРК» АҚ Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай аймақтық филиалдары қызметкерлерінің арасында байқау ұйымдастырған болатын.

Байқау ережесіне сай, алғашқы кезеңде кез келген адам сайт арқылы өзіне ұнаған үміткерге дауыс бере алады.

Бүгін назарларыңызға «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасы ұйымдастырып жатқан  «Көкшетау жауһарларының» нәтижелерін ұсынамыз.

Әріптестері арасында өзгелерден озық келе жатқан редактор-жүргізушісі Салтанат  Рыскельдинованың қоржынында 884 дауыс бар. Ал, екінші орында редактор-жүргізуші Раушан Сайлауқызы тұрса, үшінші үздік редактор Мәдина Смағұлова (306 дауыс).

Арнаның қызметкерлерін қолдап, дауыс бергіңіз келсе, http://vote.kaztrk.kz/03.php?enter=voice&id=3  сілтемесі арқылы өтіп, таңдау жасай аласыз.

Алғашқы айналым қорытындысы 20 мамырда шығарылады.

Айта кетейік, жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Онда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтардағы өкілдіктерінің арасындағы бас жүлде - Гран-при иегері анықталады. Жеңімпаз бен І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері корпорация басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 

Хабарламаларға жазылу