Кез-келген елдегі даму қорғаныстың қуаты мен әскери күштің әлеуетімен өлшенеді. Себебі стратегиялық маңызға ие саланың қашан да сақ әрі заманға сай болуы бүгінгі алмағайып күнде ерекше мәнге ие. Қазір әлем елдерінде әскердің саны емес, жаужүрек жауынгердің озық техниканы меңгеруі басты міндет. Бұл орайда Қазақ елі қазір, қару жарақ өндіруші елге айналды. Ал, жауынгерлердің қажеттіліктерін Мемлекет барынша қамтамасыз етпек.