Салық заңнамасы жетілдіріледі
Салық төлеуші берешегін өтегеннен кейін, сол күні шотын пайдалануға рұқсат алады. Салық саясатын жетілдіру бойынша есеп берген ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин осылай деді. Бұрын, шот үш күннен кейін, кейде бір апта бойы бұғатталып жататын. Өндірушілерді ынталандыру мақсатында, жаңа тіркелген кәсіпорындар өз өнімін сатқанда, қосылған құн салығы 70 пайызға азайтылады. Яғни, есептелген соманың 30 пайызы ғана төленеді. Жеңілдіктің мерзімі – екі жыл. Вице министр азаматтардың өз ара ақша аударымдарына қатысты да сауалға жауап берді.
Азамат Амрин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:Мобильді ақша аудару азаматтарға ыңғайлы. Біз ол сұрақпен айналысып жатырмыз. Ал, егер азаматтар туыстарына ақша аударса салық салынбайды. Бізді қызықтырмайды.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10