Ертең «Таңшолпан» бағдарламасында Бақытжан Ертаев қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Таңшолпан» бағдарламасында Бақытжан Ертаев қонақта

05.05.2016
Ертең «Таңшолпан» бағдарламасында Бақытжан Ертаев қонақта

Ертең «Таңшолпан» бағдарламасында полковник, ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бас басқармасы бастығының орынбасары Қанат Ерғалиұлы қонақта.

Биыл «IV Халықаралық Кадекс-2016» көрмесі өтеді. Осыған орай ертең таңғы бағдарламаға ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери техникалық саясат департаменті Екі жақты ынтымақтастық басқармасының аға маманы Ақтоты Тұрсынханқызы келмек.

Отан қорғаушылар күніне орай студия қонағы болатындар арасында Халық қаһарманы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев та бар.

 Ал, таңғы бағдарламаның «Дәстүр» айдарында мүшел жас туралы әңгіме қозғалмақ. Студияға филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, аудармашы Дүкен Мәсімханұлы, астроном Әбдіқұл Әшіров келеді.

Сондай-ақ, әлі мүшелден шықпаған актер Сырым Қашқабаев, мүшел жастағы  күйші Асылбек Еңсепов «Дәстүрдің» қонағы.

«Таңшолпанның» «Таңғы жыр» айдарынан Несіпбек Айтұлының «Отан» атты өлеңін тыңдап, мүшелдегі наным-сенімдер, сақтану түрлері, әскердегі бір күн туралы танымды сюжет тамашалай аласыздар.

Еске сала кетейік, «Таңшолпан» бағдарламасын дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07:00-10:00-де көре аласыздар!

Хабарламаларға жазылу