Бақытжан Құлжабаев: «Қазақ елі» мультфильмінің жалғасын түсіреміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Құлжабаев: «Қазақ елі» мультфильмінің жалғасын түсіреміз

16.10.2015
Бақытжан Құлжабаев: «Қазақ елі» мультфильмінің жалғасын түсіреміз

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында «Сақ» киностудиясының бас продюсері Бақытжан Құлжабаев  қонақта болып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» анимациялық фильмі туралы әңгімеледі.

«Бұл - толықметрлі тарихи анимациялық фильм. Яғни, Қазақстан анимациясы тарихындағы алғашқы 60 минуттан асатын туынды. «Қазақ елі» мультфильмін  жасауға жылдың басында кірістік. Алдағы уақытта туындының жалғасын түсіру жоспарда бар», - дейді продюсер.

Сондай-ақ, ол мұндай фильмдер кемінде 2 жыл түсірілетінін айтады.

«Мультфильм сценарийін Сағи Үсіпәлі, режиссеріміз Батырхан Дәуренбековпен ақылдаса отырып жаздық. Ал, кеңесшілеріміз – тарих ғылымдарының докторлары Жамбыл Артықбай, Мақсат Алпысбес. Әдеби кеңесшіміз – Дулат Исабеков», - дейді Бақытжан Құлжабаев.

Киностудия анимациялық фильмді  Тәуелсіздік күні тарту етпек.  

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу