![Елімізде күн сайын 1 мыңнан астам сәби дүниеге келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_60060.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарланды.
«Республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3 пайызға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 грамға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30 пайызға өсіп, 60 пайызға жуық көрсеткішті құрап отыр»,-делінген ведомство мәліметінде.
Еліміздің барлық өңірлерінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде. Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Елімізде күн сайын 1 мыңнан астам сәби дүниеге келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/109451/)