Оңтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанды

28.12.2015
Оңтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанды

Нәтижесінде облысымызда 30 мың 673 ана алтын, 41 мың 260 ана күміс алқа тағынып, еліміздің құрметіне бөленіп отыр. Аталған марапаттарды көбіне Сарыағаш пен Мақтарал аудандарының аналары алуда.

Айта кетейік, аймақта 18 жасқа дейінгі  төрт және оданда көп баласы бар 78 мыңнан астам әйел азаматтар өмір сүруде.

Өңірде ана мен бала өлімі азайып, демографиялық әлеует артты. Жыл сайын 70 мыңнан астам немесе елдегі әрбір 5-ші сәби қаймағы бұзылмаған қазақы өңірде дүниеге келеді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу