Қарағандылық оқушы Сингапурдегі Оңтүстік-Шығыс Азия бірлескен дүниежүзілік колледжінің білім грантын жеңіп алды. Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-шы сынып оқушысы Айжан Жомартқызы оқу орнына түсу үшін үш кезеңнен тұратын сынақтан сүрінбей өтті.
Талапты жас тіл білудің арқасында барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындап шыққан. Енді ол осы ордалы оқу орнында әлемнің 90 мемлекетінен келген озат оқушылармен бірге білім алатын болды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ