Бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында күннің суықтығы сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында күннің суықтығы сақталады

01.05.2016
Бүгін еліміздің солтүстігінде, шығысында күннің суықтығы сақталады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Тек еліміздің солтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Кей жерде найзағай, тұман, желдің күшейюі сақталады. Республиканың солтүстігінде, шығысында күннің суықтығы сақталады.

Алматы облысының кей жерінде түнде найзағай ойнаса, Қызылорда, күндіз Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, найзағай болады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде тұман, күндіз найзағай болуы ықтимал. Күші 15-20 м/с жететін жел соғады. 

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 3 градусқа дейін салқын болады.

 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу