Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

01.10.2014
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде кей жерде тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Ақмола облысында кей жерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал, түнде және күндіз кей жерде тұман түседі.

Алматы облысында кей жерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді, тұман түсуі мүмкін.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында кей жерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзендерде су бетінің құбылуы байқалады, Шығыс Қазақстан облысының кейбір өзенінде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейі көтеріледі.

Бүгін Алматы облысының кейбір тау өзенінде нөсер жаңбырдың әсерінен тасқын жүріп, беткейлік су ағыны болуы ықтимал.

 

Фото: tree.biz.ua

Хабарламаларға жазылу