Биыл Қазақстанда 34 жаңа мектеп ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстанда 34 жаңа мектеп ашылады

28.04.2016
 Биыл Қазақстанда 34 жаңа мектеп ашылады

«Ұлттық қор қаржысы есебінен тағы 42 жаңа ірі мектептің құрылысы басталады. Осы орайда, біз үш ауысымдағы және апатты мектептерге байланысты проблемаларды шешуге ниеттіміз. Елімізде халық саны артып келеді және бұл бағытта қандай шаралар атқару керектігі жайында жақсы түсініп отырмыз. Атап айтқанда, жаңа бағдарлама бойынша алты жасар өрендер міндетті түрде мектепке барады. Яғни, мектеп инфрақұрылымына жүктеме артып келеді.

Сондықтан да біздің мақсат мектеп құрылысында мемлекеттің қатысуымен қатар, салаға жеке капиталды тартуға негізделген»,-деді Е. Сағадиев.
Оның айтуынша, жан басына қаржыландыруды енгізу ірі қалаларда негізгі құрал болмақ. Бұл өз кезегінде жеке капитал мектеп құрылысына қызығушылық танытуы үшін тұрақты қаржылық нарықты құрады.

 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу