Қазақстанда жаңбыр жауып, елдің батысында шаңды дауыл көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жаңбыр жауып, елдің батысында шаңды дауыл көтеріледі

28.04.2016
Қазақстанда жаңбыр жауып, елдің батысында шаңды дауыл көтеріледі

«Қазгидрометтің» болжамынша, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күн суық болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар бөліктерінде  желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, шаңды дауыл көтеріледі.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында да  тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе облысында кей жерлерде жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтары тұманды болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытып, ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Ақтөбе облысында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу