Әннес Бағдат - жаңашыл бағыттағы драматург. Оның қаламынан туған пьесалар оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасына ие.
Жазушының «Бақтан өткенде» деп аталатын туындысы өткен жылы «Алтын тобылғы» әдеби фестивалінде «Жылдың үздік драматургиясы» атанды.
Жас қаламгер осы шығармасымен Минск қаласында өткен Халықаралық жастар форумына да қатысып келді. Қазір шығарма неміс театрында сахналанып жатыр.
Жас драматургтың ықпалымен Ілияс Есенберлиннің «Алмасы қылыш» тарихи романы алғаш сахналанған болатын. Бұл қойылым «қазақ театрының жаңалығы» атанды.
«Пьеса жазу өз алдына бөлек дүние де, прозалық шығармалардың сахналық нұсқасын жасау өз алдына бөлек шеберлікті талап етеді. Әннестің бұл тұрғыда атқарып жатқан еңбегі зор. Тарихи туындыларға бару үшін білім деңгейің де соған сай болуы тиіс», дейді әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова.
Жазушының өзі де «Драматургия - күрделі жанр. Ол үшін философия психология, әлеуметтану, адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар туралы танымың терең болуы керек», деген пікірде.
Қазір Әннес Бағдат өзі білім алған Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Көзімнің қарасы» атты мәдени-танымдық клуб ашып, шәкірттерін көркем шығармашылыққа баулып жүр.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.