Еліміздегі киелі жерлердің тізімі жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі киелі жерлердің тізімі жасалды

14.12.2017

Еліміздегі қасиетті жерлердің жалпыұлттық және аймақтық тізімі жасалды. Киелі орындардың 185-і ұлттық, 500-і аймақтық статусқа ие болды. Бұл туралы «Мирас» республикалық кеңесінің көшпелі отырысында айтылды. Енді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңға өзгеріс енгізу керек. Себебі, қолданыстағы құжатта «қасиетті орындар» деген пункт жоқ. Сондай-ақ, әр жердің мемлекеттік реестрі бекітіледі. «Осыдан кейін ғана Қазақстандағы қасиетті орындардың статусы заңды түрде белгіленеді», – дейді, мамандар. Олардың айтуынша, алда ширатар шаруа көп.

Берік Әбдіғали, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

- Біз білмейтін тарихи жаңа жерлер шығып жатыр. Бұл кейін де жалғасады. Тізім бекітіліп жатқан жоқ, әзірге талқылауға ұсынылып отыр. Жалпы, бұл жоба бес жылға жоспарланған. Биылғысы негізгі тізім, келесі жылы толық жасалып, бекітіледі.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу