Елордада Түркия мемлекетіндегі Балалар күні аталып өтті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Түркия мемлекетіндегі Балалар күні аталып өтті (ВИДЕО)

26.04.2016
Елордада Түркия мемлекетіндегі Балалар күні аталып өтті (ВИДЕО)

Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында  Түркия мемлекетіндегі Балалар күні аталып өтті.

Ұйымдастырушы - Қазақстандағы Түркия елшілігі мен Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы мәдениет орталығы.

Шараға 300-ден аса көрермен жиналды. Кеште қазақ пен түріктің әндері орындалып, ұлттық билері биленді. Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған шығарма және сурет байқауының жеңімпаздары анықталды.

«Бұл -  Түркияның ұлттық мерекелерінің бірі. Соңғы жылдары атаулы күнге байланысты өтетін фестивальге шетелден де балалар қатыстырыла бастады. Барлық бүлдіршіндерді мерекемен құттықтаймын», деді жиында сөз алған Түркия Елшісі Невзат Уянык. 

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу