Елордада оқушылар шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада оқушылар шеруі өтті

03.06.2019

Балалар күніне орай елордада оқушылар шеруі өтті. Шараға оркестр сүйемелдеген және өздерінің музыкалық аспаптарымен қаланың 90-ға жуық мектебінің оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

9 мыңға жуық жас өреннің басын біріктірген шара жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Осы күнде бүлдіршіндерді арнайы құттықтауға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева, қала әкімі Бақыт Сұлтанов, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова келіп, жастарға жарқын болашақ тіледі.

Ербол Іргебай, қалалық Оқушылар сарайының директоры:

- Әрбір оқу орны өздерінің ерекшелігімен бөлектеніп тұр. Біреуі барабаншылар оркестрін шығарады. Біреулері ұлттық оркестрді, ұлттық киімдерімен немесе басқа да дәстүрлі дүниелерді шығаруға тырысады. Яғни, әр оқу орны өзінің брендімен ерекшеленуге тырысады. Біздің Оқушылар сарайында біз барабаншылар оркестрін қойдық және бишілер тобын қойдық.

Балаларды қорғау күні қаладағы Достық үйінде де аталып өтті. Балақайлар асфальтта сурет салып, түрлі ойындарға қатысты, оларға тегін балмұздақ таратылды. Сонымен қатар, бұл күні Достық үйінде Неміс мәдениеті күні де мерекеленді. Көрме ұйымдастырылып, қайырымдылық акциялары өткізілді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу