«ҰБТ әлеуметтік функциялармен жүктелген. Біз оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, ұстаздар мен мектеп директорларына айтарым: 2017 жылы ҰБТ әкімдер мен мектептер рейтингінен кетеді. Осы ҰБТ үшін ұстаздарға қысым көрсетпеңіздер деймін», - деді министр.
Оның айтуынша, ендігі ҰБТ мәні де мағынасы да өзгеріске ұшырайды. «Ол мағыналы болады. Мектепте оған дайындалу үшін зияткерлік деңгейін көтеру қажет. Сондықтан, оқушыларды 9-шы сыныптан кейін колледждерге қуудың қажеті жоқ. Колледждерге түсу үшін ҰБТ-ны тапсырудың қажеті болмайды. Өйткені, колледждерге 9-шы және 11-сыныптан кейін түсуге жағдай жасалады. Енді біз колледж бен мектептен кейінгі жағдайды теңестіруді жоспарлаудамыз. Олардың бәрі де ҰБТ тапсырады», - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, ҰБТ-ның негізгі әлеуметтік миссиясы - мемлекеттік гранттарды үлестіру. Министрдің пайымынша, егер мемлекеттік гранттар ЖОО-ларына берілетін болса, сәйкесінше білім беруге бөлінген мемлекеттік қаражатқа мемлекет тарапынан бақылау болмайды.
«Менің ойымша, ҰБТ өзінің тарихи миссиясын өте жақсы орындай алады әрі осындай емтихан болуы тиіс. ҰБТ өткізудің құны осы білім гранттарының шамамен 3,5% құрайды, сондықтан мемлекет осы қаражатты әділетті және тиімді үлестіру үшін 3,5% жұмсайды», - деді ол.
ҚазАқпарат