Биыл ҰБТ нәтижелері бойынша мектептер арасында рейтинг жүргізілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ҰБТ нәтижелері бойынша мектептер арасында рейтинг жүргізілмейді

23.05.2018

Бұл туралы Үкімет үйінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Жалпы, тест тапсыруға өтініш білдіргендер саны жыл сайын артып келеді. Осы жылы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген мектеп бітірушілер саны 102442 немесе жалпы мектеп бітірушілер санының 70 пайызы. Оның ішінде 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырады. Былтырғы жылмен салыстырғанда ҰБТ-ға жазылған түлектердің жалпы саны 10 мыңға өскен. Жалпы, биылғы сынақта аса үлкен өзгеріс болмайды. Ең басты өзгеріс, мектептер арасында рейтинг жүргізілмейді және төмен нәтиже бойынша ешкім жазаланбайды. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Министрлік ҰБТ нәтижелері бойынша мектептердің рейтингін жүргізбейді. Сондай-ақ, әкімдердің назарына ҰБТ нәтижелері бойынша жергілікті жерлерде жазалау шаралары қабылданбау қажеттігін арнайы айтқымыз келеді.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу