Баламалы энергия түрлерін енгізу, Күн мен жел энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді қолдану - «Қазақстан-2050» стратегиясының басты міндеттерінің бірі.
Энергияның балама түрлерін тұтыну - әлем жұртшылығы ұсынып отырған ғаламдық маңызы бар мақсат.
Қойылған міндеттерге байланысты Алматыда бір топ зерттеуші Күннен энергия өндіру жобасын қолға алған.
Әжімұқан Жамалов - баламалы энергия саласын түбегейлі зерттеген ғалым. 2013 жылы профессордың бастамасымен Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде арнайы зертхана ашылды.
Білім ордасындағы мамандардың мақсаты - жасыл экономиканың дамуына үлес қосу. Оқу процесінде кеңінен қолдану үшін олар Германиядан арнайы фотоэлектр түрлендіргіш құрылғы әкелген. Ол Күн көзін тікелей электр энергиясына айналдырады. Қуаты - 250 ВТ.
Қазіргі кезде зерттеуші топ үйді жылы сумен қамтамасыз ететін қондырғылармен жұмыс істеуде. Жоба EXPO-2017 көрмесіне ұсынылмақ.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.