Каспий теңізінде ресейлік танкерден өрт шығып, 1 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізінде ресейлік танкерден өрт шығып, 1 адам қаза тапты

24.04.2016
Каспий теңізінде ресейлік танкерден өрт шығып, 1 адам қаза тапты

23 сәуірде Каспий теңізінде «PALFLOT 2» ресейлік танкері өртке оранды. Алдын ала деректер бойынша, ресейлік танкер экипажының бір мүшесі қаза тапты. Экипаждың қалған мүшелері қауіпсіз жерге көшірілді.

Астраханьдағы теңіз құтқарушы-координациялық орталықтың басшысы Владимир Завьяловтың айтуынша, экипажды Астраханьға 25 сәуірде жеткізеді.

Каспий теңізінде жағалаудан 110 шақырым жерде тұрған танкердегі өртті алғаш болып Әзірбайжан ТЖМ қызметкерлері хабарлаған.

Танкерде мұнай өнімдері болмаған. Су көлігі Бакудан Валаджу қаласына жүксіз бара жатқан.

Әзірбайжан ТЖМ өртті сөндіру үшін өрт сөндіру катері мен екі тікұшақ жұмылдырған.

Дереккөзі: РИА Новости 

Хабарламаларға жазылу