Бангладеште базардан өрт шығып, 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште базардан өрт шығып, 10 адам қаза тапты

21.02.2019

Сондай-ақ, 35 адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Олардың 13-ін күйік шалды. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Жалын Дакка қаласының ескі ауданындағы Чавк базарында тұтанған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ал, тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Өрт толықтай ауыздықталған соң, тергеу жұмыстары жүргізіледі.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу