«Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясының» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) ЕО, БҰҰДБ және БҰҰ ЕЭК-тің «Жасыл» экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау» бірлескен жобасы аясында «Жасыл» экономика тақырыбы бойынша БАҚ өкілдері арасында өтетін «Жасыл баспасөз» республикалық конкурсын бастады.
Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:
- Үздік телесюжет және үздік телебағдарлама;
- Үздік ТВ және радио бағдарлама;
- Газетте жарияланған үздік мақала;
- Интернет-ресурстарда жарияланған үздік материал;
- «Жасыл блогер» - блог-платформалар мен әлеуметтік желілерде #greenpress хэштегімен жарияланған үздік жазба.
Жұмыстарды 20 сәуір-20 қыркүйек аралығында greenkaz.kz@gmail.com. мекенжайына жолдау қажет. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.
Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ