Жұмысшы жастарға арналған «Еңбек адамы» конкурсы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмысшы жастарға арналған «Еңбек адамы» конкурсы басталды

29.07.2014
Жұмысшы жастарға арналған «Еңбек адамы» конкурсы басталды

Қазақстанның жұмысшы жастары арасында өтетін «Еңбек адамы» конкурсы басталды.

Бұл туралы «Қазақстанның жұмысшы және ауыл жастары қауымдастығы» ұжымдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

 Шараның басты мақсаты - жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін өсіру.

Ұйымдастырушылар үздіктерді тау-кен, мұнай өндірістері, құрылыс, машина жасау, ТКШ және көлік жүйесі салалары бойынша анықтамақ.

 Конкурсқа қатысушылар ұйымдастыру комитетіне өтінім-анкетасын, жұмыс орнынан мінездеме және «Мен және менің жұмысым» атты таныстырылымын жіберуі тиіс.

Қазылар алқасы әр қатысушының өз өңірінің дамуына тигізген көмегін, кәсібилігін, ұйымдастырушылық және белсенділік қабілеттерін, сондай-ақ, жұмысынан тыс уақыттағы шығармашылық қызығушылықтарын сарапқа салады.

Сайыстың қорытындысы  қыркүйек айының ортасында шығарылады.

Хабарламаларға жазылу