Эльмира Суханбердиева Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эльмира Суханбердиева Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

20.04.2016
Эльмира Суханбердиева Білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды

Э. Суханбердиева осыған дейін Астана қалалық білім басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.

Атырау облысының Гурьев қаласында 1971 жылы 26 қазанда туған.

1989 жылы Ақтау қаласының  № 16 мектебін аяқтады.

1994 ж. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Тарих және құқық" факультеті.

2002 ж. – «Құқық бакалавры» мамандығы бойынша Халықаралық Еңбек академиясы.

2009 ж. - Халықаралық Бизнес академиясы: іскер әкімшілік магистрі, ЖАМ ғылыми атағы бар.

2010 ж. - Астана қаласы № 60 мектеп-лицейінің директоры.

2012 ж. - Астана қаласының Қалалық мәслихатының 5-шақырылым депутаты.

2014 ж. - Астана қаласы Білім басқармасының басшысы.

«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» жоғары мәртебесіне ие болған. Астана және Алматы қалалары әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.   

 

 

ҚазАақпарат

 

Хабарламаларға жазылу