Ұлттық банк төрағасы Әзірбайжан банкіне қатысты шыққан дауға пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк төрағасы Әзірбайжан банкіне қатысты шыққан дауға пікір білдірді

17.10.2018

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осыдан үш жыл бұрын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынып, «Әзірбайжан халықаралық банкіне» салынған 250 млн. долларға қатысты шыққан дауға қатысты пікірін білдірді. Мұнай экспортына тәуелді елдің ұлттық валютасы манат құлдырап, аталған банк қарыздарын қайтаруға қауқарсыз боп қалған еді. Бас банкир былтыр тамыз айында «Әзірбайжан халықаралық банкіне» салынған Бірыңғай зейнетақы қорының қаражаты осы елдің мемлекеттік бағалы қағаздарына ауыстырылғанын айтты.  

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Қазіргі таңда БЖЗҚ «Әзірбайжан халықаралық банкінің» инвесторы болып саналмайды. Аталмыш банктің қағаздары Әзірбайжанның мемлекеттік бағалы қағаздарына ауыстырылды. Яғни, біз Әзірбайжанның инвесторы болып саналамыз. Сондықтан, бүгінде жинақтаушы зейнетақы қорының аталған банкке еш қатысы жоқ.

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу