Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке жетті

30.01.2020
Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке жетті

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке жетті. Ал вирус жұқтырғандардың саны - 7711 адам. Тибетте де қауіпті вирусты жұқтырған алғашқы адам тіркелді.

Бұған дейін ауруға шалдыққан 5974 адамның 132-сі қаза тапқаны хабарланған еді. Ал бір тәулікте 124 адам ауруханадан шығарылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусқа қатысты шұғыл жиын өткізбек. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады. Ұйым бұл жиында вирустың әлем елдеріне қаншалықты қауіп төндіретінін, бұл төтенше жағдай ма, жоқ па, соны анықтайтын болады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз вирустың тарай бастағаны хабарланды. Мамандар қаладағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жануарлар болғанын анықтады. 

Гонконг ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Бірақ оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек. Қауіпті вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия және Германияда тіркелді.

ria.ru Фото: REUTERS 

Хабарламаларға жазылу