Филиппинде болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 15-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппинде болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 15-ке жетті

23.04.2019

Қазір үйінділер астында қалып қойған адамдарды құтқару операциясы әлі де жүріп жатыр. 6,1 балдық зілзала Лузон аралында болған. Одан ел астанасы Маниладағы Кларк халықаралық әуежайының бір терминалына зақым келді, ол 24 сағатқа жабылды. Құтқару жұмыстарына ондаған өрт сөндіруші, арнайы маман және із кескіш иттер жұмылдырылды. Зілзаланың күшті болғаны соншалық - 181 метр болатын зәулім ғимараттың төбесіндегі бассейннен тонналаған су жерге төгілген.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу